Аудан әкімі өзен бойындағы елді мекендерді аралады

Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев күннің жылынуы әсерінен Сырдария өзенінде қалыптасқан жағдайды бақылау және сең жүру салдарынан болатын қауіптің алдын алу мақсатында дария арнасына жақын орналасқан бірқатар елді мекендерде іс-сапармен болып, жергілікті жердегі ахуалмен танысты.
Алдымен Қызылжар елді мекеніндегі ауыл мен аудан орталығын байланыстырып тұрған қалқымалы көпірдің жағдайын көрді. Одан соң Аманөткел ауылдық округі тұсындағы дарияның арнасынан cу тасу қаупі бар аймақтарды аралады.  
Қазіргі таңда дария суы қалыпты деңгейде. Сеңнен келетін ешқандай қауіп жоқ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2019 г. 471 0