Жобалаушы мекемелер неге жауапкершілік танытпайды?

Жобалаушы мекемелер неге жауапкершілік танытпайды?Биыл Қызылордада 173 нысан пайдаланылуға беріледі. Бұл туралы бүгін аппарат мәжілісінде мәлім болды. Жыл соңына дейін пайдаланылуға берілетін нысандардың қатарында 30 мектеп, 9 балабақша, 21 денсаулық сақтау, 5 спорт, 11 мәдениет, 1 әлеуметтік нысан, 1 жатақхана, 1 мұрағат және 1 халыққа қызмет көрсету орталығы құрылысы бар.
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 7,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 млрд. теңгеге артық. Тиісінше, пайдаланылуға берілетін пәтер де 33 пайызға өсті. «Сақалды құрылысқа» айналып келген нысандардың мәселесі биыл шешімін табады. Мәселен, 200 төсектік перинаталдық орталық, Арал ауданы Тоқабай ауылындағы 140 орындық мектеп, Жалаңаш ауылындағы 90 орындық балабақша, Арал қаласындағы 300 орындық мектеп, Сексеуіл кентіндегі 150 орындық ауылдық клуб және Шаған ауылындағы 900 орындық мектеп пайдаланылуға беріледі. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Сержан Нәметша жобалаушы мекемелер өз істеріне жауапкершілік танытпай отырғандығын айтты. 
– Өңірде бой көтеріп жатқан кез-келген нысан уақытында тапсырылу қажет. Іргетасы қаланғаннан бастапқадағалауда болсын. Ал мерзімінде аяқталмаған мекемеге шара қабылдаңыздар. Барлық мәселе жобаға байланысты. Талапқа сай жоба жасай алмайтындарға лицензия берілмесін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 маусым 2014 г. 762 0