« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Елбасы Н.Назарбаев Жолдауында жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыруды тапсырып, 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Бұл жаңалық еліміздегі барлық жасты қанаттандырғаны сөзсіз.
Бүгінде жастар арасындағы мәселелерді шешу мақсатында «Нұр Отан» Партиясының жанынан түрлі бағытта комиссиялар құрылып, жүйелі жұмыс атқарылуда. Соның бірі – «Жастарды қолдау» комиссиясы. Бүгін комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралып, аймағымыздағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов, аймақ жастарының жұмыспен қамтылуы мәселелері жөнінде облыстық жұмыспен қамытуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевтың хабарламасы тыңдалып, 2019 жылға облыстық «Жастарды қолдау» комиссиясының жаңа құрамын бекіту мәселесі талқыланды.
Жиында Қуаныш Жанұзақов «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шараларға кеңінен тоқталды. Өткен жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарына жастарды көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартуды ұйымдастыру» жобасына 70 837,0 мың теңге бөлінген. Жоба аясында түрлі бағытта 25 шара ұйымдастырылып, қала және барлық аудандар бойынша 16-29 жас аралығындағы 1035 жас жұмыспен қамтылды.
- «Жастар еңбек жасағының қызметін дамыту, әлеуметтік қызметті ұйымдастыру» жобасына 2 969 285,71 мың теңге қаржы қаралып, жоба аясында әр түрлі бағытта 69 шара ұйымдастырылды. Маусымдық кезеңде 326 жас жұмыс жасап, оның ішінде 46 жас тұрақты жұмысқа орналастырылды. «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында 6 семинар-тренинг өткізіліп, облыс көлеміндегі 8 жазғы тынығу лагерінде 40 педагог тәрбиешілер маусымдық кезеңде жұмыс жасады. «Жастар fest- Qyzylorda» шығармашыл жастарды дамыту орталығы қызметін ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылды. Орталық қызметінде "Я - гитарист", "Parkour" "Online" әлеуметтік желі сауаттылығы" үйірмелері сенбі-жексенбі күндері қызмет көрсетті. Жоба аясында әр түрлі бағытта 27 шара ұйымдастырылды. Шараларға тоқтала кетсек, "Parkour" үйірмесі қатысушыларының арасында «QYZYLORDA ZHASTARY» шарасына іріктеу сайысы, "Krump Balleto" фестивалі, "Жанды дауысты әндер" фестивалі, "Street workout - 2018" варкауттан ашық облыстық турнирі, "KZO VINE" Қызылорда қаласының вайнерлерімен кездесу, "Қазақстан бүгін және ертең" атты интеллектуалды ойыны, "ИМПУЛЬС" хип-хоп байқауы, Заманауи билер сайысы, "Заманауи би" мастер класы, "Кроссфит" сайыстары ұйымдастырылды, - деді ол.
«Жас отбасыларға арналған ресурстық орталық жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында 25 шара ұйымдастырылып, «Қызу желі» анықтама қызметі арқылы 38 жас отбасы психологиялық кеңестер алған. Мұнымен қоса басқарма басшысы мұндай шаралар алдағы уақытта да кең ауқымда жалғасатынын хабарлады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |