Италияның Гроссето қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Гран-при халықаралық жарысы өтті. Оған 28 елдің спортшылары қатысты.
Айтулы сында Қазақстан құрама командасының құрамында өнер көрсеткен жерлесіміз, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ислам Салимов 400 метрге жүгіруден қола жүлдені иеленіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Ал ұзындыққа секіруден чемпион атанса, 200 метрге жүгіруден төртінші орынға ие болды. Оның бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мощеевтің айтуынша, Ислам қазан айында Кореяда болатын Азия ойындарына қатысады.