« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«Отан отбасынан басталады» деген қанатты сөз өзінің өміршеңдігін қашанда дәлелдеп келеді. Отбасы құндылығы – бүгінгі күннің басты тақырыбы.
Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Ана – өмірдің шуағы» атты шара өзінің тартымдылығымен ерекшеленді. Мерекелік кеште Арықбалық ауылдық округінің әкімі Сапарбек Қуатов қоғамдағы аналар орнының маңыздылығына тоқталды.
Мұнан соң «Жастар жылы» аясында ауылдағы жас отбасылар арасында сайыс басталды. Сайысқа қатысушылар «Тегін білу – тектілік», «Отбасындағы бір күнім» атты бөлім бойынша шеберліктерін сынады.
Қазылар алқасының шешімімен мәдениет үйінің қызметкері Қаршыға Қалымбет пен Әзиза топ жарды. Ал ІІ-ІІІ орынды Асхат-Сымбат (№94 мектеп қызметкері), Медет-Алтынай (спорт кешені қызметкері) жұптары жеңіп алды.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |