Жалған ақша жасаушылар жазасын алды

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің жедел іздестіру шаралары нәтижесінде өткен жылы облыс орталығында жалған ақша банкноттарын жасап шығаратын жасырын цех анықталған болатын. Жуырда жалған ақша жасаушыларға сот шешімі шықты.

Қызылорда қала­сын­да орналасқан жарнама агент­тіктерінің бірінің иесі Н.Тұрсынбаев және букмекерлік кең­­се­лер­дің бірінде күзетші болып жұмыс жасап жүрген Өзбекстан Рес­публикасының азаматы Х.Хидиров 5000 тең­гелік банкноттың 132 дана қолдан жасалған нұсқасын өткізу барысында ұсталған. Жалған ақша жасау және оны өткізу туралы алдын ала сөз байласу жолымен қылмыстық әрекеттерін құрған екі азаматтың барлық кінәсі толық дәлелденіп, сот үкім кесті.

Олардың екеуі де Қазақстан Рес­публикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді және жазасын қылмыстық ат­қару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу тағайындалды.

Қызылорда облысы бойынша Мем­лекеттік кірістер департаментінің өн­ді­рісінде 2018 жылы 255 қылмыстық іс бол­ған. 205 істің өндірісі аяқталып, оның 90-ы сотқа жолданған. Эконо­микалық қылмыстар нә­тижесінде мемлекетке келтірілген залал көлемі 2,5 млрд теңгені құрап, оның 1,4 млрд теңгесі қалпына келтірілді. 2 млрд теңгенің мүлкі мен ақ­шалай қаражатына шек­теу қойылды.

 

Б.ОРДАНОВА,

облыс бойынша

мемлекеттік кірістер 

департаментінің 

бас маманы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 наурыз 2019 г. 455 0