
"Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған өнерпаздар тобы М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде "Өмір, саған құштармын" атты жалпы халыққа арналған ән кешін өткізді. Онда мүмкіндігі шектеулі жандар өз өнерлерін көрсетіп, халықтың ықыласына бөленді.
Кеш барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Олар мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан қоғамнан өз орнын тауып, тынбай еңбек етуде. Кеш өткізудегі мақсат билет сатылымынан түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсау.