Жас аналарды құттықтады

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев, аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Айдарбеков, әйелдер кеңесінің төрайымы Жанат Көланова халықаралық әйелдер мерекесіне орай орталық аурухананың перзентхана бөлімінде болып, аналарды мерейлі мерекемен құттықтады. Аудан басшысы мереке иелеріне гүл сыйлап, сый-сияпат жасады.

- Біз үшін ең бастысы – нәресте мен ана денсаулығының мықты болуы. Мереке күні дүниеге келген барлық сәби аман-есен өсіп, елдің айтулы азаматы болсын! Қазақтың саны көбейе берсін, - деді аудан басшысы. Өз кезегінде аналар зор ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Айта кетуіміз керек, наурыз айынан бері Қазалы ауданында 8 ер бала, 10 қыз бала дүниеге келген.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 наурыз 2019 г. 462 0