8 наурыз - Халықаралық əйелдер күні мерекесінде Арал ауданында төрт сəби жарық дүние есігін ашты.
Өмірге 2 ұл бала мен 2 қыз бала əкелген ардақты аналарды аудан әкімінің орынбасары Бектемір Ұлыбекұлы және «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мырзағұлұлы арнайы барып құттықтап, қуаныштарымен бөлісті.
Мереке аясында аналарға аудан əкімінің құттықтауы мен сыйлықтар табысталды.