Журналист қыз-келіншектерді құттықтады

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен журналистер қауымын құттықтады.

Мереке  қарсаңында  департаментте салтанатты жиын өтті. Жиында департамент бастығы полиция полковнигі Мұхитов Қайрат Болатұлы журналистер қауымын  көктем мерекесімен құттықтады.
  • «Мереке қарсаңында полиция қызметкерлерінің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыруда белсенді атсалысып жүрген журналистер қауымын құттықтай отырып, жаңалықтарыңыз жағымды, қаламдарыңыз қарымды болсын» деген тілегін жеткізді Қайрат Болатұлы.
  • Көктемнің, гүлдер мен қуаныштың мерекесімен құттықтай отырып, тәртіп сақшылары журналистерге гүл падишасы нәзік қызғалдақтар  сыйлап,   мерекелік сый-сияпат көрсетті.
Өз кезегінде журналистер қауымы елеп ескерген тәртіп сақшыларына алғыстарын  білдірді.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 наурыз 2019 г. 974 0