« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Кеше халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Fashion show» ұлттық киімдер шеруі өтті. Шарада үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек киген қыздар мен кимешекті аналар Өнер арбатынан «Жібек жолы» ойын-сауық орталығына дейінгі аралықты жүріп өтіп, халық әндерін орындап, қаланы думанға бөледі. Сәні мен салтанаты келіскен шеру замана көшіне қазақылығымызбен қадам басқандай әсер қалдырды.
Ұлттық киімдер шеруін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған. Мұндағы ұлттық костюмдер аймақтағы модельерлердің қолынан шыққан. Отызға тарта қыз-келіншек «Қолөнер» ұлттық нақыш және «Қарлығаш» шеберлер орталығы, музей қорындағы қазақ әйелдерінің киім үлгілерін ұсынды. Шараның да мақсаты елдің барын бағалау, ерекшелігін ескеру, облыстағы қолөнершілер дайындаған ұлттық киімдерді насихаттау болатын.
Айдана ЖҰМАДИНОВА,
«Сыр бойы».
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |