Қайырымдылық концерті

Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде «Өмір, саған құштармыз» атты ән кешін ұйымдастырды. 

Концертке аудандардан, Байқоңыр және Қызылорда қалаларынан келген мүмкіндігі шектеулі жандар қатысып, өнер көрсетті. Оларды қолдап келгендердің қатары аз болған жоқ. Тағдырдың қатал сынағына мойымаған қайсар ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымов, «Самғау» жастар сыйлығының иегері Сағатбек Қуанышбайұлы, жыршы, термеші Жауһар Сәрсенбаева көрермен көңілін көтерді.

Шара соңында қатысушылар қоғамдық бірлестіктің алғыс хатын иеленді. Қайырымдылық концертінен түскен қаржы көпбалалы ана Назерке Қадіроваға, сонымен қатар басқа да мүмкіндігі шектеулі жандарға үлестірілді.

Маржан ӘШІРАПБАЕВА,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың студенті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 наурыз 2019 г. 544 0