Пойыздардың 13 жолсерігі жауапқа тартылды

Қызылордада заң талаптарын сақтамаған 13 жолсерік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Теміржол саласындағы талаптардың сақталуына жүргізілген тексеріске Қызылорда станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және теміржол вокзалы өкілдері қатысты.   «Нәтижесінде 36 жолаушы пойызы тексеріліп, 31 билетсіз жолаушы анықталды. Сондай-ақ, пойыздарда өртке қарсы 5 қондырғы болмай шықты. Одан бөлек, 14 санитарлық заңбұзушылық және өзге де 75 кемшілік анықталды. Заңды аяқтан басқан 13 жолсерік әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді  Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекция басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Прназарова. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жарияланған жолаушы пойыздарының қызмет сапасына, жол құжатынсыз қатынайтын жолаушыларға, вокзалдардағы алыпсатарларға қатысты фото және видеоматериалдар тексерілді.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 наурыз 2019 г. 549 0