« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қымбат қазына саналатын кітап қай кезеңде де өз құндылығын жоғалтпаған. Асыл мұраның рухани даму үшін адамға тигізер пайдасы да зор. Бүгінде кітапқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында түрлі мүмкіндіктер жасалуда. Өткен заманда кітапты жанына серік еткендер іздеп жүріп оқыған болса, бүгінде барлық тақырыптағы кітап түрлерін кез келген кітапханадан, кітап дүкендерінен, ғаламтордан, солардың қатарында көшедегі кітап сөрелерінен таба алатын болды.
Көше кітапханасының бастамашылары Тодд Бола мен Рик Брукс есімді оқымыстылар. 1895 жылы Америкада басылымдар мен әдебиетті кең насихаттау үшін олар көше кітапханаларын жасаған. Сөйтіп штаттың ірі қалаларының әр жеріне кітап қоятын жәшіктер орнатып, оны өздері «Little Free Library» деп атаған. Бұл сөз «Кішкентай тегін кітапхана» деген ұғымды білдіреді. Халықты тегін сауаттандыру мақсатында жасалған бастама білімді, зиялы адамдар тарапынан қолдау тауып, бес жылда штатта алты мыңнан астам шағын кітап жәшіктері пайда болған.
Бұл бастама Сыр өңірінде де қолға алынып, үлкенді-кішілі елді мекендер де өз оқырмандарын тауып жатыр. Көше кітапханасының ерекшелігі сіз оқырман билетінсіз, ақшасыз түрлі тақырыптағы кітаптармен таныса аласыз. Ең бастысы, кітапты оқып болған соң, қайтадан әкеп қоюыңыз шарт. Көше кітапханасына өзіңіздің жеке кітапханаңыздан кітап қоссаңыз, бұл да бір игі іс болмақ.
Облысымызда алғаш Қазалы ауданында жүзеге асқан қанатқақты жоба кітапқұмар жандардың көңілінен шықты. Ауданның әр жерінен ашылған көше кітапханасына 180-нен астам кітап қойылған. Бұл жоба мұнан әрі Сырдария, Жалағаш аудандарында өз жалғасын тапты.
Аудан тұрғындары мен ардагерлері өздерінің жеке кітаптарын әкеліп, ашық аспан астындағы білім сөресін толықтыру үстінде.
Мәдина ЖҰМАДІЛДАЕВА,
ҚМУ-дың студенті.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |