Юлия Галышева фристайл-могулдан Алматыда өткен әлем кубогі кезеңінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Биылғы әлем чемпионы суперфиналда 79.69 ұпаймен бірінші орын иеленді. Күміс жүлде франциялық Перрин Лаффонның, қола медаль канадалық Жюстин Дюфур-Лапуанттың еншісінде.