Аралдық шеберлер сауыт жасап шығарды

27 жастағы ІІ топ көз мүгедегі Шайх-Ислам Мағауияұлы өзінің ұстазы, белгілі шебер Құдайберген Құлманбетовпен бірге сауыт жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Салмағы 7 келі тартатын сауыт   жиырма күннің ішінде тоқылған. Оған мельхиор сымнан жасалған 18 мың сақина кеткен. Сондай-ақ, олар батырдың қару-жарақтарын да түгелдей әзірлеген. Шайх-Исламның сөзінше, қазіргі таңда бұл сауыт Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі мұражайда тұр. Жалпы, жас шебер теріден, ағаштан түрлі бұйымдар істеумен шұғылданады. Сондай-ақ, мүйізден түрлі кәдесыйлар жасайды екен. Айтуынша, Арал қаласына келген туристер ұлттық нақыштағы бұйымдарға қызығушылық танытатын көрінеді. Шайх-Ислам зергерлікті де қатар алып жүр. Сақиналар мен ат әбзелдерін жасайды.    
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 наурыз 2019 г. 774 0