« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Наурыз айынан бастап облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының ұсынысымен және мемлекеттік мекеме өкілдерінің қатысуымен «Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде. Шараның мақсаты – ауыр жүк көлігін тізгіндегендерге жүк тасымалдаудағы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын түсіндіру және жаңа жұмыс әдістерін енгізу.
Атқарылған жұмыстарға бақылау жасау барысында жауапты орындардан келген арнайы мамандар да түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көліктік бақылау инспекциясының негізгі міндеттерінің бірі өз аймағындағы жалпы автомобиль жолдарының сапасын сақтау екендігі белгілі. Көктемде немесе жаз айларындағы ыстықта автожол сапасын сақтау мақсатында өтетін мүндай ауқымды акцияның маңыздылығы ерекше екенін айта кеткен жөн. ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылдың 11-ші наурыздағы №162 бұйрығына негізделген көктемгі уақытша шектеулер бір айға, яғни, наурыздан сәуір айының басына дейін жалғасатын болады. Мұнда көліктің жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан асса, артық салмақтағы автокөліктер қозғалысына уақытша шектеу қойылмақ.
– Мына жағдайды ескеру қажет. Халықаралық келісімдерге сәйкес жүк және жолаушылар тасымалдайтын көліктерге мұндай шектеу қойылмайды. Сонымен қатар, осындай рұқсат тез бұзылатын тағамдар мен азық-түлікті тасу, дәрі-дәрмекті жеткізу барысында қызмет ететін тасымалдаушыларға да берілген. Төтенше жағдайды жоюға қатысты немесе жол жөндеу барысында жүретін автомобиль қозғалыстарына да бұл шектеу қарастырылмаған, – дейді облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Пірназарова.
Акцияда барлық тасымалдаушы компания өкілдері мен жеке тұлғалар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар толықтай жауап берді. Айта кету керек, жергілікті полиция қызметімен бірлесе ұйымдастырылған акция тек халықаралық және республикалық маңызға ие жолдарға ғана қатысты болып отыр.
Ержан ҚОЖАСОВ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |