« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық соттың өткен жылғы жұмыс қорытындысы сараланды.
Брифинг барысында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша алқа төрағалары баяндама жасады.
Облыстық соттың сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбеттің хабарлауынша, былтыр облыс соттарына түсен істер алдыңғы жылмен салыстырғанда едәуір азайған.
Нақтырақ айтсақ, 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы соттар өндірісіне істердің түсу көрсеткіші 15,1 процентке төмендепті. Сондай-ақ, былтыр апелляциялық сот алқасына түскен істер 2017 жылмен салыстырғанда 12,3 процентке азайған.
– Қазіргі уақытта біздің ұстанымымыз, сотқа дейінгі татуласу рәсімдерін дамыту бағыты болғандықтан, істердің түсу көрсеткішінің азайғаны құптарлық жағдай деп есептейміз, – деді Б.Қалымбет.
Бүгінде татуласуға көп мән берілуде. Себебі, әрбір төртінші іс татуласумен аяқталған.
Айта кету керек, облыс соттарында өткен жылы медиация тәртібімен 421 қылмыстық және 1163 азаматтық, 773 әкімшілік, партисипативтік рәсім тәртібімен 55 іс, татуласу келісімімен 223 іс қаралған.
Шынар БЕКБАН.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |