« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Еліміздің бұрынғы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойған деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі барысында партияның саяси кеңесінің жаңа мүшелері сайланып, оның құрамына Сағынтаев та кірген болатын.
Еске сала кетейік, президент үкіметті отставкаға жібергенше, Бақытжан Сағынтаев елдің премьер-министрі болды.
Ал мемлекеттік хатшы қызметін жаңа үкімет басшысы Асқар Маминнің орынбасары атанған Гүлшара Әбдіхалықова атқарған еді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |