
Қызылорда облысының прокуроратурасы ел аумағында есірткі саудалаған сайтты бұғаттады, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Облыстық прокуратурада есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелері бойынша құқық қорғау, арнайы органдардың және денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдерінен құралған ведомствоаралық жұмыс тобының нәтижесі талқыланды.
Қадағалау органының үйлестіруімен жұмыс тобы жастардың көп шоғырланатын жерлеріне рейдтер, оқушылар мен студеттер арасында түсіндірме жұмыстарын және ғаламтор кеңістігі мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізді.
Осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстан аумағында есірткі заттарының көптеген түрін («Sativa «Y», «Moroccan Caramello», «Afghan», «Blackberry Kush», «Jack Herer», «Green Crack», «Diamond OG», «AK-47» и «Sour Bubble»)жарнамалап, оларды таратқан «Cannabis-kz.ml» сайты анықталды.
Бұл сайтта есірткі заттарын «Kiwi-кошелек» шотын толтыру арқылы сатып алуға болатын. Сонымен қатар, сайтта 950 мың теңге аралығындағы жалақысымен диллержәнесалушы жұмысы ұсынылған.
Облыстық прокуратураның ұсынуы бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен аталған сайт бұғатталды.
Шынар БЕКБАН,
"Сыр бойы".