« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
«Эйр Астана» әуе компаниясының Дели - Алматы бағытындағы 27 ақпанға жоспарланған KC 908 рейсі уақытында ұшып шыға алмай отыр. Оған Пәкістан Республикасы әуе кеңістігінің бүкіл халықаралық әуе сапарларына жабықтығы себеп болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұшақ Делиден Алматы уақыты бойынша сағат 12:50 кезінде ұшып шығып, сағат 16:40 кезінде Алматыға келуі керек болатын. Қазіргі уақытта әуе компаниясы аталған рейстің жолаушыларын түсіріп алу жөнінде шешім қабылдады», - делінген ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.
Белгілі болғанындай, «Эйр Астана» әуе компаниясының 27 ақпанға жоспарланған KC 963/964 рейсі мен 28 ақпанға жоспарланған KC 907/908 рейсі болжам бойынша орындалмауы мүмкін.
«Жолаушылар аталған рейс жайлы колл-орталықтан немесе әуе компаниясының ресми сайтынан біліп отырғаны дұрыс. «Эйр Астана» әуе компаниясының колл-орталықтары: Алматы бойынша +7 7272 444477, Астана бойынша +7 7172 584477, ұялы тел.: +7 702 702 4477», - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, бұдан бұрын 27 ақпан күні ұшып шыққан Uzbekistan Airways әуе компаниясының Ташкент-Амритсар бағытындағы Boeing 767 борты Ташкентке қайтып келген болатын.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |