
«Нұр Отан» партиясының ХҮІІІ сьезінде ел Президенті көптеген мәселенің шешімін айтты. Маған ұнағаны – көпбалалы, тұрмысы төмен, мүгедек баласы бар отбасыларға берілетін жәрдемақыны арттыруды тапсырғаны. Оған қоса, «Бақытты отбасы» бағдарламасын құрып, мұқтаж жандарға көмек қол ұшын созу керегін баса айтты.
«Отан – отбасынан басталады» демей ме дана қазақ?! Әрбір отбасында елдің ертеңі саналатын болашақ иелері өсіп келеді. Сол жас өскіннің лайықты азамат болып қалыптасуына септессек, мерейіміз үстем болмаса, кемімейді. «Адам ұрпағыман жасайды» деген ұстанымдағы ұлы ұлттың көшбасшысының бұл жолғы бастамасы да елдің еңсесін тіктеуге бағытталды. 2019-2021 жылдарға бұл шараларға 300 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгенін естіп, қуандық.
Махаббат САБЫРЖАН,
Сырдария ауданы.