Словакияның Братислава қаласында каратэ-додан «39 th GRAND PRIX SLOVAKIA» халықаралық турнирі өтті. Дүбірлі додада қос қызылордалық спортшы бір алтын, бір күміс медальді иеленіп қайтты.
47 келіге дейінгі салмақта бақ сынасқан Əсемгүл Ердəулет чемпион атанды. Ол бұған дейін бірнеше мәрте ел чемпионы атанған. Ұстаздар үмітін ақтаған каратэші сәуірде Малайзияда өтетін Азия чемпионатына қатыспақ. Сайыстың күміс жүлдегері Әлішершәріп Қонысбек 55 келі салмақта өнер көрсетті.