Бірқатар облыста дабылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Маңғыстау, Алматы, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында дабылды ескерту жариялады, - деп жазады Baq.kz.
"26 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ауа температурасының жоғарылауына байланысты Алматы облысы мен Алматы қаласы маңайында және Қызылорда облысы аумағында 2019 жылғы 26 ақпан – 1 наурыз аралығында қар еру мен ағын сулардың қалыптасуы және мұздық құбылыстардың әлсіреуі байқалуы күтіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 ақпан 2019 г. 675 0