« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жер бетінде өмір сүріп жатқан әлем халқы үшін ең бастысы – ел тыныштығы. Болашақ ұрпағының бейбіт өмір сүріп, бақытты күн кешуі. Бұл орайда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың елімізде ұстанып отырған бейбітшілік пен келісім саясаты көптеген елдерге үлгі десек болады.
Көктемнің алғашқы күнінде аталып өтетін “Алғыс айту күні” мерекесінің түп-төркіні тереңде жатыр. Бұл – бір заманда тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдеріне қонақжай құшағын ашып, ыстық пейілін танытқан қазақ халқына деген риясыз алғыс сезімін білдіретін күн. Сол бір қиын-қыстау заманда біздердің басымызға түскен ауыртпалықты бірге көтерісіп, емін-еркін өмір сүруімізге ерекше қолдау танытты. Қазақ халқының осынау кең пейіл қасиеті бүгінде еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым - қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Қазақ жұртының бауырмалдығы мен кеңдігінің арқасында біздің әзербайжан халқы да өсіп-өніп, тұрақты тұрмыс-салтын қалыптастырған. Олар Қазақстанды өз Отаны санайды. Біз осынау ұлы достықты нығайта білуіміз керек. Ел ертеңі жолындағы еңселі істерді атқаруда бір мақсатқа жұмылып, бір мүдденің басынан табылғанымыз жөн. Отанымыздағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қалыптастыруда этносаралық өзара түсіністікті дамытудың маңызы зор. Осы тұрғыдан айтқанда, бір тудың астында берекелі өмір сүріп жатқан қайырымы мол қазақ жұртына шексіз алғысымды білдіремін.
Злиха НУРИЕВА,
әзербайжан ұлтының өкілі,
Жалағаш ауданы, Аққыр
ауылының тұрғыны.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |