ТӘЛІМІ МОЛ ТАҒЫЛЫМДЫ ДӘРІС

  Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен  «Алғыс айту күніне» орай аймақтағы білім ошақтарында «Әлем елдеріндегі алғыс білдіру дәстүрлері» тақырыбында лекция  оқылуда. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-да өткен сабақта аталған оқу ордасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты А. Оразбақовтың лекциясы тыңдалды. Ал, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері «Қоғамдық келісім» КММ директорының кеңесшісі Е.Уәйіс пен М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Б.Ахуннан дәріс алды. 

Дәл осындай кездесу «Болашақ» университетінде де өтті. Дәрісті  университет ректоры Қ. Дәуренбеков бастап, аталған мерекенің өзектілігіне тоқталды. Сон­дай-ақ, И.Әбдікәрімов атын­дағы аграрлы-техникалық жоғары колледжінің оқы­тушысы Р.Абуова да «Ал­ғыс айту күнінің» тарихы мен әлем елдеріндегі ал­ғыс білдіру дәстүрлері туралы баяндады. Дәріске ҚХА ғылыми-сарапшылық то­бы­ның мүшесі С.Сахиев, об­лыстық неміс қоғамдық-мәдени орталығының жетек­шісі И.Шек, «Болашақ» уни­верситеті «Филология жә­не журналистика» кафед­расының доценті Н. Шумейко қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған шара кол­леджерде де жалғасты. Қа­зан­ғап атындағы Қы­зыл­орда музыкалық коллед­жіндегі лекция “Алғыс ай­ту күні» мен діни сауат­тылық тақырыптарын қам­ты­ды. Дәрісті облыстық ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі С.Сахиев және дін мәселелерін зерттеу орталығының  теолог-ма­маны Ш.Тобжанов өткіз­ді.

Мереке аясында оқушы­лар арасында «Алғыс ай­ту – парызым» тақы­ры­­бында эссе жазу, балабақ­ша балғындары арасында сурет салу байқауы ұйымдас­ты­рылды.

«Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен “Ботақан” балабақшасында арнайы сайыс өткізілді. Ша­ра әлі де жалғасын табатын болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 ақпан 2019 г. 530 0