2013 жылы Қызылорда облысында 68 жазатайым оқиға тіркелді. Зардап шеккендердің жалпы санынан 9 пайызды әйелдер құрады. Зардап шегуші жарақатының ауыртпалық дәрежесі бойынша 14-і жеңіл, 2-уі орташа, 31-і ауыр жарақаттан зардап шеккендер болып табылады.
Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сйүенсек, зардап шеккендердің жалпы санынан жазатайым оқиғалар кезінде 21 адам өлді. Жазатайым оқиғалардың басты себептері зардап шегушінің өрескел абайсыздығы. Осы себептен 30 адам зардап шеккен. Жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы себебінен зардап шекендердің санын 18 адам құрады.
Жазатайым оқиғаның нәтижесінде 30 адам шайқалудан болған жарақат және ішкі ағзалардың жарақаттары, 27 -жабық сынықтар , 16 - сыртқы жарақаттар, 7 - ашық сынықтар, 4 - термикалық күйіктер, 3- жіті уланулар болды. Дененің неғұрлым әлсіз бөліктері: бастың шаш бөлігі,бас сүйек, бас миы, бас жүйкесі және қан тамырлары (осы жарақаттан 23 адам зардап шеккен): бас, бастың толып жатқан зақымдары (13): кеуде клеткасы (қабырға, соның ішінде төс және омыртқаның кеуде бөлігі) (10): кеуде клеткасының басқа бөлігі, соның ішінде ішкі ағзалар) (9) болып табылады.