Пәтер тонаушы жазасын алды

Пәтер тонаушы жазасын алдыБайқоңыр қалалық сотының үкімімен пәтер тонаушы 2 жыл бас бостандығынан шектеуге сотталды. Бұл жөнінде Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушы бұрын қасақана жасалған қылмысы үшін сотты бола тұра, қылмыстың қайталануы жағдайында, бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау мақсатында, өзгенің тұрғын жайына балкон есігін бұзып, заңсыз кіру арқылы жәбірленушіге тиесілі дүние мүліктерін жасырын түрде ұрлап, 139 860 теңге материалдық залал келтіргені үшін айыпталған. Сот тергеуінде сотталушының кінәсі толық дәлелін тауып, тиісті жазасын алды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 маусым 2014 г. 780 0