Жас айтыскерлер сөз жарыстырды

Жас айтыскерлер сөз жарыстырдыЖаңақорған ауданына қарасты Манап ауылдық округінде Қазақстанның халық ақыны Манап Көкеновтың құрметіне «Айтыстың ақтаңгері» атты тақырыпта облыстық жас ақындар айтысы өтті. 
Аламан айтыста 5 жұп сөз жарыстырды. Бүгінгі бәйгеге ат қосқан талапкер ақындардың қай-қайсысының жүрекжарды жыр жолдарынан келешекке деген жарқын сенім, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілік айқын байқалды. Тартысты да қызықты өткен сайыс нәтижесінде: қармақшылық Ә.Сырым бас жүлде, шиелілік Е.Әміров I-орын, келінтөбелік Ж.Шахмарданқызы II-орын, III-орын жергілікті ақын Т.Тілеулі иемденді. Жыр додасына ақынның ұрпағы Ә.Манапов, белгілі айтыскер ақын Ә.Сыздықов, Б.Үсейіновалар әділ қазылық етті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 маусым 2014 г. 1 279 0