Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы тарихи-мемориалдық мұражайдың жанындағы алаңда шығыстың жарық жұлдызы Ғани Мұратбаевтың 112 жасқа толған туған күні салтанатына байланысты «Мәңгілік шырқар жырымсың» атты дәстүрлі ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Мүшәйра қорытындысымен Жанқожа батыр ауылы №94 мектептің 9 сынып оқушысы Ботакөз Өтембет же43мпаз болса, № 16 мектептің оқушысы Қанат Ерболат, ІІІ-орынды Мұратбаев ауылы мәдениет үйінің сүйемелдеушісі Бақытбек Макеев жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қатысушы ақындарға естелік ретінде алғыс хаттар мен «Ғани тағылымы» атты кітап табысталды.
«Сондай-ақ, Қазалы қаласындағы жасөспірімдер спорт мектебінде Ғ.Мұратбаевтың туған күні қарсаңында Қазалы қаласындағы мекемелер арасында кіші футболдан дәстүрлі турнир өткізілді. Турнирге 9 команда қатысты. Жарыс қорытындысымен ауыспалы кубокты М. Горький атындағы №16 мектеп командасы жеңіп алды» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.