« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң аясында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға тартылған 656 адамның жеке бақылау істері зерделенді.
Атап айтқанда, Қылмыстық Кодекстің 44-бабының жыл сайынғы мәжбүрлі түрдегі еңбек көлемі 240 сағаттан 100 сағатқа дейін төмендетілген, енбек тек қоғамдық орындарда ғана және күніне 4 сағаттан аспайтын уақытқа ұйымдастырылатын талабына байланысты қалалық №2 сотына 74 сотталғанға қатысты іс-құжаттар жолданылып, барлығы заңдағы өзгеріске сәйкестендірілді.
Ал Кодекстің 55-бабына байланысты сәйкестендіру бойынша және келтірілген залал мөлшері және тағайындалған жазасын қайта дәрежелеу бойынша бүгінгі күні барлығы 61 адамға қатысты іс-құжаттар жинақталған ұсыныс сот органына жолданды. Нәтижесінде 5 адам жазадан босатылса, 4 адамның жазасы басқа жазаға ауыстырлды. Қалған 48-нің тағайындалған жаза мерзімдері төмендетілді.
Бүгінгі күні сотталған 4 адамның іс-құжаттары соттың қарауында.
А.ҚҰРАҚБАЕВА,
Қызылорда қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары,
әділет майоры
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |