| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ақпан айының 11-15 аралығында облыс аумағында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері білім беру орындары мен ата-аналар комитетімен бірлесіп қала аумағындағы қолайсыз отбасыларды анықтап, осындай отбасыларда тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмаған балалардың тұрмыстық жағдайы тексерілді. Атап айтсақ, тұрғылықты мекен-жайлары бойынша 17-қолайсыз отбасы, 26-әр түрлі санатта профилактикалық есепте тұратын жасөспірімдер және 45-жалдамалы пәтерде тұратын студент жастар тексерілді.
Іс-шара барысында ІІО-ның қызметкерлері, педагогикалық ұжымды және бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып мектептерде, колледждерде және Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Әкімшілік кодекстердің нормаларын түсіндіре отырып, құқықтық тақырыпта дәрістері, жол және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау бойынша оқыту сабақтары өткізілді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |