Зияткерлік мектеп республикалық сайыста үздік деп танылды

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар сайысында екі жүлделі үшінші орындарды иеленді.
«Қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау» секциясында 12-сынып оқушысы Алтынай Әбдіжәмілдің жобасы үшінші орынға лайықты деп танылды. Жас биолог жоғары фитонцидтік белсенділігі бар жабайы өсімдіктермен аумақты көгалдандыру арқылы жұқпалы аурулардың алдын алу идеясын ұсынды. Кейбір өсімдіктердің фитонцидтік қасиеттеріне салыстырмалы талдау жүргізгеннен кейін, Алтынай туберкулез ауруын азайтатын аймақтың климаттық жағдайларына төтеп беретін «өсімдік антибиотиктерінің» тізімін жасады.
Ал 10-сынып оқушысы Гүлдана Сабитова «Қазақ әдебиеті» секциясында бақ сынасып, жүлделі үшінші орынды иеленді. Оның жобасы жасөспірімдердің көркем әдебиет оқу деңгейі мен қазақ әдебиетіне қызығушылығын зерттеуге бағытталған.
Алматыдағы «Бөбек» ұлттық орталығында өткізілген республикалық ғылыми жобалар конкурсына 16 облыстан және Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан барлығы 800 оқушы қатысты. 4 бағыт бойынша жүргізілді ғылыми сайыс нәтижесі бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері командасы 33 жүлделі орынды иеленіп, Гран-при жеңіп алды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 ақпан 2019 г. 531 0