Биыл сәуір айында Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде спорт кешенінің құрылысы басталды.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның көлемі 810 шаршы метр жерді қамтиды, бір мезгілде 120 адам қызметін пайдалана алады. Онда топтық ойындарға арналған алаңдар /футбол, валейбол, васкетбол, жаттығу залы және шығыс жекпе-жек залдары/ болады. Құрылыс-монтаж жұмыстарына аудандық бюджеттен 158410,29 мың теңге қаржы бөлінді. Бас жобалаушы «ЮжКазЭкопроект» ЖШС, бас мердігер «Жылу-ХХІ» ЖШС. Қазіргі күні жер жұмыстары аяқталып, іргетасын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.