Көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді...

Мемлекеттік рәміздер күнін қызылордалықтар ерекше атап өтті. «Көк байрағымыз үнемі көк аспанда желбіресін» деген ниетпен Мемлекеттік Ту тікұшақпен әуеден әкелініп, мерекелік шеру ұйымдастырылды. 
«Біздің Ту, біздің Елтаңба, біздің Гимн» деп ұрандаған шерушілер ҚР Тұңғыш Президенті паркінен  Бейбарыс Сұлтан, Жібек жолы, Абай даңғылы, Ахмет Байтұрсынов, Қорқыт ата, Желтоқсан көшелері арқылы Орталық стадионға дейін жүріп өтті.Шеруді ұлттық ат спорты жарысында облыс намысын қорғап жүрген шабандоздар мен көкпаршылар бастап, автокөлік және велошабандоздар жалғастырды.
Мереке мұнан әрі Ғ.Мұратбаев атындағы Орталық стадионда облыстық «Менің Қазақстаным» патриоттар акциясымен жалғасты. Стадионға көк байрақ тікұшақпен әкелініп, «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды. Айта кетейік, тікұшақ бортында халықаралық парашютші, спорт шебері, 2850 рет әуеден секірген Андрей Самсонов, спорт шебері, 1000 рет әуеден секірген парашютші Александр  Кузнецов болды. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік рәміздер еліміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі екендігін осы шара тағы бір айқындай түсті. Ұлтымыздың құндылығы, елдігіміздің белгісі рәміздер күні мерекелік концертке ұласты.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 маусым 2014 г. 790 0