
Бұл шаралар су тасқынының алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Дегенмен қазіргі таңда өзен жағдайына алаңдауға негіз жоқ. Өйткені су деңгейі айтарлықтай төмендеді. Бүгінде Шардара су қоймасынан секундына небәрі 600 текше метр су түсіп жатыр. Оның 400 текше метрі
«Көксарай» су реттегішіне алынуда, деп хабарлады "24 Хабар".
Айта кетейік, Сыр өңірінде өткен жылы өзен бөгетіндегі 26 қауіпті учаске нығайтылды. Сондай-ақ Сырдарияның су жайылуы мүмкін 56 аумағында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. «Төтенше жағдай кезінде жұмылдырылатын техникалар мен жұмыс күші де дайын», – дейді мамандар.
Асылбек Шәменов, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы:
– «Қазавиаспас» АҚ келісімшартқа отырған 2 тікұшағымыз дайындыққа келтірілген. Басқа да инерттік материалдар, қаптық тараларымызда барлығы жасақталған. Қазіргі таңда дария өзеніндегі судың деңгейі бірқалыпты.