Қазақстанда алдағы тәуліктерде күн жылынады

Синоптиктер 12-14 ақпан күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Республикадағы ауа температурасының төмендеуіне алып келетін солтүстік-шығыс тропосфералық ауа ағындарын бірте-бірте батыс және оңтүстік-батыс ағындар алмастырады. Сондықтан алдағы үш күнде Қазақстандағы ауа температурасы орташа климаттық мәнге жуық болады. Оңтүстік облыстар арқылы жылжыған циклон жауын-шашын әкеліп, оңтүстікте және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасының көтерілуіне себепші болады», - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағының қалған бөлігі негізінен антициклонның ықпалында болады, жауын-шашын жаумайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 ақпан 2019 г. 565 0