ҚАСҚЫР СОҚҚАН ҚАЙРАТ

Қоғалыкөлдік Қайрат Шайхиев қарусыз жүріп-ақ қасқыр ұстады. Бұрындары Төлебай Мырзапияев­тай аңшысы бар елді мекеннің бүгінгі жастары да осылай өжеттік көрсетті.
– «Алтайбек» егіс алқабында мал қарап жүрген сәтім еді. Күн найза бойы көтерілген тұста бір үйір жылқыны қуып жүрген қасқыр көзге түсті. Астымдағы атым да осал емес еді... Алқапта емін-еркін қуа­лап жүріп, үзеңгімен соқтым, қамшымен са­ба­дым. Әйтеуір, сол қасқырды шаршатып, қолға түсірдім, – деді Қайрат Тағайбекұлы.
Ауылдағы бұл оқиға ел аузында жүр. Тып-тыныш мал баққан ел­дің бақ тапқан ұл­дары осындай!
Дәулет ҚЫРДАН.
Сырдария ауданы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 ақпан 2019 г. 1 114 0