
Анахайм. Мəнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионаты» жарысы. Қазақстан атынан өнер көрсеткен қызылордалық мəнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.
Ол қысқа бағдарламада 68,09, еркін бағдарламада 139,37 ұпай жинап, қос бағдарламада 207,46 ұпаймен əйелдер арасында күміс жүлдегер атанды.
Э.Тұрсынбаева 4-11 наурыз күндері Красноярск қ. Бүкілəлемдік студенттер Универсиадасына, 18-24 наурызда Жапонияда өтетін Əлем чемпионатына қатысады.
Бес жасынан бастап мəнерлеп сырғанаудың қыр-сырын үйреніп, əлемдік жарыстарды бағындырып келе жатқан Элизабеттен алдағы уақытта да үлкен жеңістер күтеміз.
Бұған дейін Тұрсынбаеваның бапкері Сергей Дудаков спортшы бірталай жетістіктерге қол жеткізгенін
хабарлағанбыз. Маманның айтуынша, спортшының бұл топта жаттыққанына 10 ай болған. Осы аралықта ол бірнеше элементтерді жетілдіріп үлгеріпті.