Қайырымдылық концерті

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департамені ЗК-169/5 мекемесінің  сауықжай ғимаратында  жаза мерзімін өтеуші азаматтарға мекеменің Сотталғандар арасында  тәрбие жұмысы  бойынша бөлімінің қызметкерлерімен Қызылорда облыстық  филормониясы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда  мемлекеттік университетінің өнерпаз студенттерінің қатысуымен қайырымдылық  концерті ұйымдастырылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  ұлттық құндылықтарымызды  санадан тыс қалдырмай, атақты жыр термешілеріміздің рухани азығы мол мұрасын насихаттау мақсатында өткізілген шарада Т.Өтенова, М.Салықов, А.Бүркітбай, І.Даулетхан  есімді өнерпаздар Тұрмағамбет, Нартай, Базар жырау секілді жыраулардың танымал термелерін нақышына келтіре  орындады. Айтулы шараны 220-дан аса жаза мерзімін өтеуші жоғары құлшыныспен тамашалап, әуезді әуендермен сусындады.

Д.ЕРАЛИЕВ,
ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің
САӘПТЖБ бөлімінің бастығы,
әділет капитаны  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 ақпан 2019 г. 690 0