Конституциялық Кеңес Президент өтінішін қабылдады

 Конституциялық кеңес Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өтінішін қабылдады. Мемлекет басшысы кеңес мүшелерін Президент өкілеттілігіне қатысты Ата заңдағы 42-баптың 3-тармағына ресми түсіндірме беруді сұрады.

 Онда былай делінген: «Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Қызметінен кетірілгендерден басқасының Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады». Елбасының өтініші Конституциялық кеңестің отырысында қаралады.

​​​
Дереккөз: 24.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 ақпан 2019 г. 667 0