« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев өткен жылы ауданда атқарылған іс-шаралар мен әлеуметтік-экономикалық дамудың жай-жапсарын баяндады.
– Бүгінде Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени салалары қарқынды даму үстінде. Өткен жыл ауданымыз үшін жетістік пен жаңалыққа толы табысты жыл болды. Ауданда 2115 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, онда жұмыспен қамтылғандар саны 5284 адамды құрады. Сондай-ақ, кәсіпкерлік саласын дамытуға ерекше басымдық берілді. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 10 жоба, гранттық қаржыландыру тетігі бойынша 28 жоба, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 183 жоба, «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде 29 жоба қаржыландырылды. Ал аудандық кәсіпкерлік палатасы арқылы 152 адам «Бизнес-Кеңесші» курсынан өтсе, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 170 адам оқытылды, – деді аудан әкімі.
Білім беру сапасын арттыру бойынша жүргізіп келе жатқан жұмыс та өз нәтижесін беруде. Аудан мектептерінен 2017-2018 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 216 мектеп бітірушіден 180 түлек мемлекеттік білім беру грантын иеленіп, облыс бойынша 1-орынға ие болды.
Денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер жүзеге асып жатқандығын айтуға болады. Аудандық орталық ауруханада 5 жаңа бөлімше ашылды. Атап айтқанда, соңғы талапқа сай қабылдау, ауданаралық оңалту, ауданаралық паллиативті көмек көрсету, гинекология және екінші деңгейдегі перзентхана бөлімшелері.
Жалпы өңірде атқарылған шаралар әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасын көрсетеді. Алайда даму динамикасындағы тұрақтылық сақталғанымен әлі де тындырар тірлік көп.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |