4 боксшы жартылай финалға өтті

Алматы. Бүгін, 23 қазанда Алматы қаласында өтіп жатқан бокстан әлем біріншілігінде төрт қазақстандық спортшы шаршы алаңға шығып, барлығы жартылай финалға жолдама алды. 
Түске дейін Біржан Жақыпов (49 келі) Пуэрто-Рикодан келген Энтони Чаконом Риверді, Қайрат Ерәлиев (56 келі) кубалық Робейси Карразанды, Мерей Ақшалов (64 келі) қырғыз Ермек Сәкеновті, Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) румын Богданом Джуратониді орта жолда қалдырып кетті. Бүгін кешке қалған бес боксшымыз жартылай финалға берілетін жолдаманы сарапқа салады. Атап айтқанда, Ілияс Сүлейменов (52 келі) уэльстік Эндрю Селбиді, Данияр Елеусінов (69 келі) итальяндық Винченцо Манджакарпемен, Әділбек Ниязымбетов (81 келі) үнділік Сумит Сангванмен, Берік Әбдірахманов (60 келі) венесуэлалық Луис Диазбен және Иван Дычко (91 келі) үнділік Сатиш Кумармен қолғап түйістіреді. 
Бокстан әлем біріншілігінің ширек финал ойындары кешкі сағат 18.50-де «Қазспорт» телеарнасынан тікелей көрсетіледі.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 қазан 2013 г. 984 0