« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
29-31 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, шығыс, оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысқан желдің күші 15-20 м/с жетеді. 29 қаңтарда екпіні 23-28 м/с, 30-31 қаңтарда екпіні 25 м/с күшті жел соғады.
29 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел күтіледі. 29 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғалы, шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі. Ақтөбе қаласында түнде жаяу бұрқасын күтіледі.
29 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал. 29 қаңтарда Қостанай қаласында жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |