
26 қаңтарда қызылордалық полицейлер 18 қаңтарда орын алған қылмысты ашу мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде кәмелетке толмағанды зорлауға оқталған күдіктіні анықтап құрықтады. Ол облыс орталығының тұрғыны екені белгілі болды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес қалған мәліметтер жария етілмейді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.