
Ішкі істер министрлігінде жасөспірімдер арасында Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Ақтөбе облысында тіркелген жағдайларды талқылауға байланысты шұғыл отырыс өтеді деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаменті директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасаған
NUR.KZ.
Ведомствода хабарлағандай, отырыс барысында оқушылар арасында жиі кездесетін даулы жағдайларды реттеуге бағытталған ұйымдастыру-тәжірибелік шаралар әзірленетін болады.
Одан бөлек, департамент директоры 14 жасқа толған жасөспірімдер республика заңына сәйкес қылмыстық жазаға тартылатынын айтты.
Хабарламаға сәйкес, топпен бірге ұрып-соққан кәмелетке толмаған қылмыскер міндетті түрде заң алдында жауап береді.
Сондай-ақ, Департаментте жасөспірімдердің ата-аналары мен ұстаздарына олардың іс-әрекеттерінің заңсыздығын түсіндіруі, сондай-ақ оларға артуға тура келетін жауапкершілік туралы айту қажеттігін өтінді.
"Мектеп уақытында жасаған бір ғана әрекет кәмелетке толмаған жасөспірімді жауапқа тартып, өміріне үлкен дақ тигізуі мүмкін", -делінген хабарламада.
Айта кетейік, соңғы уақытта еліміздің әр өңірінде мектеп оқушыларының арасында төбелес орын алып жүр.