Қызылордалық бүлдіршіндер концерт тамашалады

Қызылордалық бүлдіршіндер концерт тамашаладыҚызылордада халықаралық балалар қорғау күні Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында аталып өтілді. 
Облыс орталығы мен барлық аудандардан келген жас таланттар көпшілікке өз өнерлерін көрсетті. Ән айтып, би билеп, түрлі аспаптарда ойнады. Облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда Сыр елінің намысын қорғап жүрген жас өнерпаздардың өнеріне тәнті болған көрермен жас достары қошемет көрсетті. «Концертті бүлдіршіндермен бірге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және өңірде іс сапармен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаттары да тамашалады. Концерт соңында ертегі кейіпкерлері мерекелік тортты ортаға алып шығып, бүлдіршіндерге үлестірді» деп хабарлайды облыс әкімдігі баспасөз қызметі.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 маусым 2014 г. 726 0