« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
"Қазақфильм" киностудиясы "Қасым хан" атты ауқымды тарихи сериалға актерлер арасында кастинг жариялады. Аталған кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсіреді, - деп хабарлайды BNews.kz киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көпсериалы киножоба қазақтың ұлы хандарының бірі – Қасым ханның өмірі туралы баяндайды.
Жобаның көркемдік жетекшісі – "Жаужүрек Ертұрғыл" сериалын түсіріп жатқан түрік режиссері Метин Гюнай.
"Басты рөлдерге, қосалқы және эпизодтық рөлдерге 3 және 80 жас аралығындағы барлық қазақстандық (балалар, ер адамдар мен әйелдер) қатыса алады (ер азаматтардың бойы 180 сантиметрден кем болмауы тиіс). Басты талап – қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек", - делінген хабарламада.
Алматы қаласында кастинг жұмыстары 25 қаңтардан басталады. Мекенжайы: Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғ., 176, "Қазақфильм" киностудиясы, "ПЛК" ғимараты, 2-ші қабат, 252 кабинет. Жұмыс уақыты – күнделікті сағат 10.00-ден кешкі 22.00-ге дейін.
Сондай-ақ, kazakhfilmcast@gmail.com электрондық поштасына жақыннан бет бояусыз, көзілдіріксіз және линзасыз, бас киімсіз, өңделмеген фотосуреттерді (селфи емес), сондай-ақ тұла бойы көрінетін бір сурет және өзі туралы қысқаша ақпаратты (аты-жөні, жасы, бойы мен салмағы, білімі және кинодағы тәжірибесі туралы) жолдауға болады.
"Қазақфильм" киностудиясының өкілдері әйелдер қауымынан кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулерін сұрап, татуажы бар қыз-келіншектерді қабылдамайтындарын ескертті.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |