« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тіл маманының ұйымдастыруымен ««Латын графикасына көшу – рухани жаңғырудың басты құндылығы»» тақырыбында семинар – тренинг өтті. Шараға ҚАЖ департаментінің жеке құрам қызметкерлері, мекеме бастықтарының тәрбие жөніндегі орынбасарлары және Қызылорда облыстық Тілдерді оқыту орталығының бөлім басшысы А.Бахытова қатысты.
Семинардың мақсаты латын әліпбиін қызметкерлерге насихаттау, қолданысын кеңейту, ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ету. Семинарды Департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров ашып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтқанын, латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізетінін, дүниежүзі халықтарының 80%-ы осы әліпбиге көшкенін , латын әліпбиіне көшу Елбасының көрегендігін көрсетеді деді.
Семинар барысында Қызылорда облыстық Тілдерді оқыту орталығының бөлім басшысы А.Бахытова «Әліпби өзгертудің лингвистикалық әлеуметтік мәселелері» тақырыбында баяндама оқып, қызметкерлерге латын қарпінде оқуға және жазуға дағдыландыруға бағытталған бірнеше тапсырмаларды орындатты.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |