« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Өзбекстанның Ташкент қаласында қысқы әмбебап жекпе-жектен өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Фараби Сауытбаев Азия чемпионы атанып, ел абыройын асқақтатты.
Ол 65 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасып, қарсыластарының барлығынан басым түсті. Оның өткізген үш кездесуінің нәтижесі: Ауғанстан – таза жеңіс, Тәжікстан - 4:1, Өзбекстан (финал) - 3:1.
Ф.Сауытбаев 1993 жылдың 19 қазанында Арал ауданында дүниеге келген. Әмбебап жекпе-жектен ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2018 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Қазіргі таңда №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады. Жаттықтырушысы: Бауыржан Жүсіпов.
Әмбебап жекпе-жектен облыстың аға жаттықтырушысы Нұрбек Жармахановтың айтуы бойынша, үстіміздегі жылдың 8-10 мамыр күндері Қызылорда қаласында әмбебап жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Бұл дүбірлі додада Азия чемпионы Фараби Сауытбаев және облыстың құрама командасы облыс намысын қорғайды.
Азия чемпионатына 10 елден 100-ге жуық спортшылар қатысты. Қазақстан құрамасы 3 медаль еншілеп,жалпы командалық есепте 3-орыннан көрінді. Бірінші орынды Тәжікстан, екінші орынды Өзбекстан спортшылары иеленді.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |